русский язык
Әлем футболы

Бундеслига чемпионатты қайта жалғастыруға арналған жиынды кейінге қалдырды

Бундеслига чемпионатты қайта жалғастыруға арналған жиынды кейінге қалдырды

Германия чемпионатының басшылығы клубтардың жалпы жиналысын кейінге шегеруге шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 17 сәуірде бейнеконференция форматында өткізілуі керек еді. Жиналысқа бірінші және екінші Бундеслиганың 36 клубы қатысуы тиіс болатын. Лига кездесуді 23 сәуірге ауыстырды. Онда ойындарды қайта бастау мүмкіндігі талқыланады.

Еске сала кетейік, Германия чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты 30 сәуірге дейін тоқтатылған еді.

Түпнұсқасы: soccernews.ru Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;