Қысқы

Жанбота Алдабергенова: Жаңа бапкермен маусымды сәтті өткіздік

Жанбота Алдабергенова: Жаңа бапкермен маусымды сәтті өткіздік
news-banner7
mobile-news-top

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының мүшесі, әлем кубогының қола жүлдегері Жанбота Алдабергенова маусымды қорытындылап берді.

– Бізде маусым аяқталды. Жарыстың барлығын сәтті аяқтадық. Маусымды қорытындылайтын болсақ, мен үшін жақсы деуге болады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты біраз жарыстың уақыты бірнеше рет өзгерді. Маусымды жаңа бапкермен, жаңа белесті бағындырып бастадық. Жаңа бапкермен жаңа жаттығуларды орындап, жақсы көрсеткішке қол жеткізіп, жеңіс тұғырына да шықтық.

Қазіргі бапкеріміз өте тәжірибелі спортшы, шетелдік маман, Олимпиада чемпионы Антон Кушнир. Маусымға дайындықты бастағанда барлығын басынан бастадық. Өз жаттығуларымызды пысықтап, маусым барысында жоспар бойынша өнер көрсеттік, - деді Жанбота Алдабергенова Ұлттық Олимпиадалық комитетіне берген сұхбатында.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер