русский язык
Хоккей

ҚХЛ президенті «Барыс» келесі маусымға қатысатынын растады

ҚХЛ президенті «Барыс» келесі маусымға қатысатынын растады
news-banner7
mobile-news-top

ҚХЛ президенті Алексей Морозов келесі маусымда қандай командалар өнер көрсететінін айтты.

«Келесі мауысмға қазіргі командалардан тек «Адмирал» қатыспайды. Басқа командалардың барлығы маусымға қатысатындығын растады. «Адмиралдың» орнына басқа команда алуды кейінірек қарастыратын боламыз. Қазіргі кезде ертең не болатынын білмейміз. Бірақ барлығы жақсы болып, келесі маусымды ойдағыдай бастаймыз деп үміттенем»,- деді лига басшысы.

Жақында қазақстандық «Барыс» келесі маусымға қатыспауы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Естеріңізге салатын болсақ биылығы маусым коронавирус пандемиясына байланысты мерзімінен бұрын аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;