русский язык
Хоккей

Линден Вей «Барысқа» қайта оралуға қарсы емес

Линден Вей «Барысқа» қайта оралуға қарсы емес
news-banner7
mobile-news-top

Канадалық хоккейші shaiba.kz сайтына берген сұхбатында елордалық командаға оралу туралы ойын айтты.

«Мен жақында ғана ЦСКА Клас Дальбекпен келісімшартын ұзартқанын көрдім, енді оларда бес легионер бар. Мен әзірге қайда баратынымды білмеймін. «Барысқа» келетін болсақ, ол жақта маған ұнайтыны туралы бәрі біледі. Сол себептен қайта оралуға қарсы емеспін»,- деді Вей.

Линден Вей «Барыс» сапында 2017/18 жылғы маусымда өнер көрсетті. 50 кездесуде 52 ұпай жинаған. Кейінірек ол «Цюрих» және ЦСКА командаларында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;