Басқа

Жапония Олимпиада алауын ел назарынан алып тастады

Жапония Олимпиада алауын ел назарынан алып тастады
news-banner7
mobile-news-top

Коронавирусты таратпау мақсатында Жапония Олимпиада алауын көпшілік көзінен алып тастады.

«Токио-2020» атқарушы директоры Тоширо Мутоның айтуынша, алау ұйымдастыру комитетінің жіті бақылауында. Бірақ алаудың нақты қай жерде сақталатыны айтылмаған.

Алау жағылған құты сәуір айының соңына дейін Фукусима аймағында тұруы керек болатын. Алайда, елдің премьер-министрі Синдзо Абэ Токио мен өзге бес префектурада төтенше жағдай жариялаған соң, Алауды жұрт назарынан алып тастау туралы шешім қабылданды.

Ұйымдастырушылар жапон жерінде 121 күнге созылады деп күтілген Алау Эстафетасының жаңа кестесін әлі қарастырған жоқ.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер