ММА

Хабибтің бапкері келесі жекпе-жектің қашан өтетінін айтты

Хабибтің бапкері келесі жекпе-жектің қашан өтетінін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің бапкері Хавьер Мендес келесі жекпе-жектің уақыты мен ықтимал қарсыластар жайлы айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Тамыз немесе қыркүйек айларында сегізбұрышқа ораламыз. Егер жекпе-жек тамыз айында өтсе, Сан-Францискодағы, ал қыркүйекте өтсе, Абу-Дабидегі турнирде өнер көрсетеміз. Осы екі нұсқаның бірі болады», - деп келтіреді Мендестің сөзсін MMA Fighting.

Мендестің айтуынша, ресейлік файтер Джастином Гэйтжимен немесе Тони Фергюсонмен жұдырықтасуы мүмкін.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов 18 сәуірде өтетін UFC 249 турнирінде америкалық Тони Фергюсонмен жұдырықтасуы керек еді. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты турнир өтпей қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер