Басқа

Анастасия Городко: Карантин кезіндегі бос уақытымды білімге жұмсап жатырмын

Анастасия Городко: Карантин кезіндегі бос уақытымды білімге жұмсап жатырмын
news-banner7
mobile-news-top

Коронавирус індетінің кеңінен таралуына байланысты бүкіл әлем халқы оқшаулану үстінде. Ірі спорттық жарыстар тоқтатылып, спортшылар карантин режимін сақтауда. Фристайл-могулдан Еуропа кубогінің жеңімпазы Анастасия Городко карантин уақытын қалай өткізіп жатқанын айтты.

«Қазіргі таңда оқып жатырмын. Күн сайын жарты күнімді білім алуға жұмсаймын. Ал қалған уақытта жаттығу жасап, компьютер ойындарын ойнап, ұйықтаймын. Жаттығу жұмыстарын үзген емеспін. Бізге арнайы жаттығу жоспарын берген, соны орындап жатырмын. Спорттық бабымды жоғалтқан жоқпын», - дейді спортшы.

Төменде Анастасия Городко ұсынған үздік фильмдер тізімін ұсынамыз.

ТОП-5 фильм:

- "Легенда №17";

- "Заражение";

- "Оно-2";

- "Мег: Монстр глубины";

- "Клаустрофобы".

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер