русский язык
Әлем футболы

Италияда футбол матчтары 2021 жылдың қаңтарына дейін көрерменсіз өтеді

Италияда футбол матчтары 2021 жылдың қаңтарына дейін көрерменсіз өтеді

Италияда футбол матчтары 2021 жылдың қаңтарына дейін көрерменсіз өтуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы журналист Танкреди Палмери твиттер желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Айта кетейік, Италия чемпионаты 10 наурыз күні коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған болатын.

Жақында Италияда карантин мерзімі 3 мамырға дейін ұзартылғаны белгілі болды. Жоспар бойынша 4 мамырда командалар жаттығуды бастайды, ал 31 мамырда А сериясын қайта басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;