Басқа

Таеквондодан 2020 жылғы Азия чемпионаты кейінге шегерілді

Таеквондодан 2020 жылғы Азия чемпионаты кейінге шегерілді
news-banner7
mobile-news-top

Таеквондодан 2020 жылғы Азия чемпионаты кейінге қалды. Бұл туралы халықаралық таеквондо федерациясы хабарлады.

Азия біріншілігі 11-15 мамыр аралығында Ливанда өтуі тиіс болатын. Алайда, коронавирус індетінің кеңінен таралуы, сондай-ақ, коронавирусқа байланысты халықаралық жағдайдың ушығуына байланысты құрлық додасы кейінге қалды. Халықаралық таеквондо федерациясы чемпионаттың өту мерзімі мен басқа да өзгерістер туралы алдағы уақытта хабарлайды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер