Басқа

Карантинде үйде отырып не тамашалауға болады

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырумен онлайн сұхбат, онлайн концерт және және онлайн дәрістер өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік ұсынған тың жобалардың бірі таңғы жаттығу деп аталады. Бұл жоба аясында бүгін қазақстандықтар Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері Гузель Манюровамен бірге таңғы сағат 08:00-де жаттығу жасады.

Ал «Халық қазынасы: бір туынды тарихы» жобасы аясында сағат 8-30-да ҚР мәдениет саласының үздігі Гүлфайрус Далбағай Қуаныш Жұмағалиевтің «Күзгі әуен», сағат 16:30-да Құрманғазы атындағы ҚҰК аға оқытушысы Нұргүл Жақыпбек Сүгір Әлиұлының «Ілме», сағат 22:00-де ҚР мәдениет қайраткері Зәмзәгүл Ізмұратова Дүйсенбінің «Кербұлан» күйінің шығу тарихы жайында ой қозғайды.

Сағат 12:00-де кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амандос Ақанаев «Қазақстандық кескіндеме тарихы: Тәңіршілдіктен қазіргі заманға дейін» тақырыбында онлайн дәріс оқиды.

Мұнан бөлек, сағат 14:00-де жастар арасында әлем чемпионатының жүлдегері Самат Жақыпов еркін күрестен, 17:00-де «Астана балет» театрының жетекші солисі Дилара Шомаева өз саласы бойынша шеберлік сабағын өткізеді.

Әлем чемпионы, джиу-джитсудан Қазақстандағы тұңғыш қара белбеу иегері Арманжан Рузахуовпен сұхбат сағат 18:00-де болады.

Ал «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында кешкі сағат 21:00-де дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали мен Ақерке Тәжібаева ән салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер