Басқа

Қозғалмалы нысанаға ату бойынша әлем чемпионаты кейінге шегерілді

Қозғалмалы нысанаға ату бойынша әлем чемпионаты кейінге шегерілді
news-banner7
mobile-news-top

Ату спорты халықаралық федерациясының шешімімен коронавирус пандемиясына байланысты қозғалмалы нысанаға ату бойынша биылғы әлем чемпонаты 2021 жылға қалдырылды.

Франция оқ ату спорты федерациясы 9-19 маусымға жоспарланған доданы COVID-19 індетіне байланысты кейінге шегеруге мәжбүр болды. Дүниежүлізік біріншіліктің нақты қашан өтетіні енді коронавирус пандемиясы аяқталғаннан кейін белгілі болады. ISSF осыған дейін Нью-Дели мен Бакудегі әлем кубогтарының өтпейтіні туралы мәлімдеген болатын.
Аталған жарысты қоса есептегенде, осымен 2020 жылғы ISSF әлем кубогтарының бәрі өтпейді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер