Кіші Юбенк Головкинмен жұдырықтасуға шындап кірісті
![Кіші Юбенк Головкинмен жұдырықтасуға шындап кірісті](https://prosports.kz/upload/news/content/204253_8c482bf7bf07c199ba28c181656a0721.jpg?v=28651817)
Британиялық кіші Крис Юбенк қазақстандық Геннадий Головкинге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz Vringe сайтына сілтеме жасап.
Крис алда GGG-мен жұдырықтасып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтағысы келетінін айтты.
«Менің төбелескім келетін боксшылар тізімімде Головкин бірінші тұр. Мен онымен кездескім келеді. Мен оны жеңетінімді білемін. Бойымда Геннадиді жеңуге қажеттінің бәрі бар», - дейді Юбенк.
Еске сала кетелік, 2016 жылы қазақстандық пен британиялық жекпе-жек өткізуге тиіс болатын, алайда Головкин Кристің отандасы Келл Брукпен жұдырықтасты.
Айта кетелік, Головкин IBF титулын қорғауүшін Камиль Шереметамен жұдырықтасуы тиіс. Боксшы одан кейін мексикалық Сауль Альвареспен үшінші рет жекпе-жек өткізуге ниетті.
Сурет: mirror.co.uk.