Басқа

Италияның спорт министрі елдегі спорттық шараларды 4 мамырда бастауға шақырды

Италияның спорт министрі елдегі спорттық шараларды 4 мамырда бастауға шақырды
news-banner7
mobile-news-top

Италия премьер-министрі Джузеппе Конте елде коронавирус індеті кесірінен енгізілген карантин 3 мамырға дейін ұзарғанын мәлімдеді. Осыдан кейін Италияның спорт министрі Винченцо Спадафора елдегі спорттық шараларды 4 мамырда қайта бастауға шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Италия спортының басшысы елдің олимпиадалық және паралимпиадалық комитеттерінің президенттеріне хат жолдады.

«Мен федерациялардан және италиялық спорт жүйесінің басқа субъектілерінен денсаулық сақтау органдарымен және ғылыми ұйымдармен келісе отырып анықталған қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, жаттығулар мен спорттық іс-әрекеттерді 4 мамырдан бастап қайта бастауды сұраймын», - деді Спадафора.

Еске сала кетелік, Италияда 143 мыңнан астам COVID-19 жұқтыру оқиғасы тіркелген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер