русский язык
Әлем футболы

«Зенит» Малкомға «Наурыз айының үздік ойыншысы» марапатын ерекше түрде жеткізіп берді

«Зенит» Малкомға «Наурыз айының үздік ойыншысы» марапатын ерекше түрде жеткізіп берді

«Зенит» вингері Малком команданың наурыздағы ең үздік ойыншысы атанып, марапатқа ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz

Адамнан қулық артылған ба?! Бразилиялық футболшы үйде карантинде отырғанына қарамастан, G-Drive сыйлығын иеленді. Клуб марапатты дронның көмегімен жеткізіп берді. Бұл «арнайы операцияның» видеосын клубтың баспасөз қызметі жариялады.

«Мен «Зениттің» барлық жанкүйеріне алғыс білдіремін. Маған дауыс бергеніңізге рахмет. Мен өте қуаныштымын. Үйде болыңыз», - дейді ойыншы ролик соңында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;