Басқа

Академиялық есуден әлем чемпионаты өтпейтін болды

Академиялық есуден әлем чемпионаты өтпейтін болды
news-banner7
mobile-news-top

Академиялық есуден әлем чемпионаты, 23 жасқа дейінгі жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі өтпейтін болды. Бұл туралы FISA мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Халықаралық есу федерациясы (FISA) тамыз айында Словенияда өтетін әлем біріншілігін өткізбейтінін мәлімдеді.

«Есу спортымен айналысатын барлық спортшыларға өз елдерінде енгізілген режимді қатаң сақтауға, жауапкершілікті ұмытпай, індеттің таралуына жол бермеуді сұраймыз. Өзіңіз бен айналаңыздағы адамдарға вирус жұқтырмау мақсатында қандай да бір жаттығу жиындары мен іс-шараларға қатыспау керектігін ескертеміз», - делінген хабарламада.

Халықаралық федерация 2021 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлерінің өткізілу мерзімі анықталып жатқанын жеткізді.

ICF байдарка мен каноэде есуден өтетін жарыстар туралы ресми мәлімет берді

Каноэ мен байдаркада есуден әлем кубогы кейінге қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер