русский язык
Әлем футболы

Чемпиондар лигасы финалының шырқын бұзған модель ерекше челлендж ойлап тапты

Чемпиондар лигасы финалының шырқын бұзған модель ерекше челлендж ойлап тапты
news-banner7
mobile-news-top

2019 жылғы Чемпиондар лигасы финалында алаңға суға жүзетін костюммен жүгіріп шыққан америкалық модель Кинси Волански ерекше челлендж ойлап тауып, достарына жолдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кинси Instagram желісіндегі аккаунтына екі аяғымен стақанды көтере су ішпек болған видео жариялаған. Челленджге басқа да модельдер қатысты.

Волански видео астына мұның карантинде іш пыстырмайтынын, сондай-ақ мұқтаж жандарға ақша жинауға таптырмайтын әдіс екенін жазды. Модель челленджге қатысушыларға 20 доллардан ақша жинап және 5 достарына жолдауды өтінді.

Бейнероликті 500 мың әлеуметтік желі пайдаланушысы тамашалаған.

Түпнұсқасы: soccernews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;