Әлем футболы

FIFPro: Коронавирус пандемиясы футболшылардың психикасына кері әсерін тигізді

FIFPro: Коронавирус пандемиясы футболшылардың психикасына кері әсерін тигізді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық кәсіби футбол қауымдастықтары федерациясының (FIFPro) басшысы Йонас Баер-Хоффман коронавирус пандемиясынан туындаған дағдарыс футболшылардың психикалық денсаулығына кері әсерін тигізгенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ойыншылардың психикалық денсаулығы өте маңызды. Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер жалпы халықпен салыстырғанда алаңдаушылық тудырып отыр. Ойыншылардың әртүрлі психологиялық проблемалары бар екенін көрсетті. Соның ішінде жұмыстағы қиындық және тұрақсыздық оларды күйзелтіп жіберсе, коронавирус індетінен туындаған дағдарысқа байланысты белгісіздік жағдайды одан әрі ушықтырып жіберген.

Қазір көптеген жас футболшылар жырақта жалғыз жүр. Қолдауға өте зәру. Олардың көпшілігі бір жыл мерзімге еңбек шартын жасайды, ал одан кейін не істейміз деп бас қатыратындар да жоқ емес. ЯДемек олардың алаңдауына себеп жоқ емес», - дейді Берер-Хоффман Reuters агенттігіне.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер