Әлем футболы

«Ол ешқайда кетпейді». Ривалдо Мессидің трансфері туралы не дейді

«Ол ешқайда кетпейді». Ривалдо Мессидің трансфері туралы не дейді
news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаның» экс-шабуылшысы Ривалдо Лионель Месси басқа еуропалық клубқа ауыспайды деген пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz Soccernews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мен Мессидің «Барселонадан» басқа еуропалық клубқа ауысып кететініне сенбеймін. Оның Испаниядан кетуіне себеп жоқ шығар. Бірақ, шынымен мұндай жағдай бола қалса, Лионель Қытай немесе АҚШ клубтарының біріне ауысады.

«Интерге» бару қаржылық жағынан пайдалы болуы мүмкін, бірақ оны ынталандыратын ештеңе жоқ. Мен Мессиді басқа еуропалық клубта елестете алмаймын, өйткені ол әлі де «Барселона» сапында керемет ойнап жүр. Лео Еуропада тек бір клубта ойнауы керек деп есептеймін», - дейді Ривалдо.

Осы маусымда 32 жастағы Месси «Барселона» сапында барлық турнирлерде 31 матч өткізіп, 24 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді. Оның клубпен келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер