Велоспорт

Қазақстандық велошабандоз допингке қарсы ережені бұзғаны үшін спорттан шеттетілді

Қазақстандық велошабандоз допингке қарсы ережені бұзғаны үшін спорттан шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық велошабандоз Кирилл Казанцев допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресми хабарламада Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығы мен Қазақстан велосипед спорты федерациясының комиссиясы спортшыға кез-келген спорттық іс-әрекетке қатысуға тыйым салған. Мерзім - 4 жыл. Оның ішінде оқу-жаттығу жиындарына және допингке қарсы ережелердің 2.1-бабының бұзылуына байланысты республикалық, аймақтық, континенталды және халықаралық жарыстарға қатысуға болмайды.

2019 жылғы 28 тамызда спортшыға алдын-ала ескертусіз кенеттен Кирилл Казанцевтен сынама алынды. Нәтижелерге сәйкес, спортшының тыйым салынған зат - пептидті гормондар тобына жататын эритропоэтин қолданғаны анықталды.

Казанцевтің өзі допингті спорттық көрсеткіштерін жақсарту үшін қолданғанын мойындады. Оның 2019 жылдың 28 тамызынан бастап көрсетілген барлық нәтижелері жойылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер