Велоспорт

Асан Базаев: Әлем чемпионатына қатысатын құрамды айтуға әлі ерте

Асан Базаев: Әлем чемпионатына қатысатын құрамды айтуға әлі ерте
news-banner7
mobile-news-top

Велоспорттан Қазақстан командасының бас бапкері Асан Базаев Токио Олимпиадасының келесі жылға ауыстырылғанына қатысты пікір білдіріп, спортшылардың жағдайымен бөлісті.

«Қазір бүкіл әлем коронавируспен күресіп жатыр. Сол себепті, барлық спорттық жарыстар тоқтатылып, Олимпиада ойындары кейінге қалды. Шілде айына дейін велоспорттан қандай да бір жарыс өткізілмейді. Карантиннің қашан бітетіні де белгісіз. Біздің спортшылар бір айдан аса уақыт бойы үй жағдайында дайындалуда. Әрине, үйде физикалық форманы ұстап тұру оңай еместігін түсінеміз. Барлығы карантиннің қаншалықты ұзақ болатынына байланысты. Кәсіби велоспортшылар маусымды жаңадан бастайды десек, артық емес. Әлем чемпионаты мен оған қатысатын құрам туралы да айтуға ерте. Болжамымыз бойынша, спортшылат мамыр, маусым айларында жаттығуға шыға бастайтын шығар.

Кәсіби спортшылар үшін жылдың маңызды турнирлері – Джиро д Италия, Тур де Франс және Вуэльта. Осы жарыстардан соң әлем чемпионатына қатысатын құрамды анықтаймыз. Бұл шамамен тамыздың аяғына таман белгілі болады. Алексей Луценко команда капитаны болып қала береді. Одан бөлек, Гидич, Натаров, Пронский, Груздевтер бар.

Жігіттердің дені сау, өздерін жақсы сезінуде. Маусымның жалғасын күтеміз», деді Базаев.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер