Әлем футболы

Франция футбол федерациясы коронавирус пандемиясы кесірінен ұйым басшысын сайлауды кейінге қалдырды

Франция футбол федерациясы коронавирус пандемиясы кесірінен ұйым басшысын сайлауды кейінге қалдырды
news-banner7
mobile-news-top

Франция футбол федерациясы (FFF) коронавирустың таралу қаупіне байланысты ұйым басшысын сайлау шарасын кейінге шегеруге шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz Rsport.ria сайтына сілтеме жасап. Сайлау 2021 жылы өтеді.

Бастапқыда бәрі 12 желтоқсан күні Парижде өтеді деп жоспарланған болатын. Енді жаңа сайлау күні - 2021 жылдың 13 наурызында өтпек. Ұйымның қазіргі президенті Ноэль Ле Граэ 2011 жылдан бері қызмет етіп келе жатыр.

Еске сала кетелік, Франция футбол чемпионаты 13 наурызда белгісіз мерзімге тоқтатылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер