Әлем футболы

Халықаралық футбол қауымдастықтарының кеңесі ойын ережелеріне өзгеріс енгізді

Халықаралық футбол қауымдастықтарының кеңесі ойын ережелеріне өзгеріс енгізді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық футбол қауымдастықтарының кеңесі (IFAB) ойынның кейбір ережелерін өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біріншіден, қолмен ойнау ережесі өзгертілді, енді иықпен ойнау тәртіп бұзуға жатпайды.

Сонымен қатар, шабуылшының кездейсоқ қолмен ойнауы «дереу» гол немесе гол сәтіне әкелетін болса, тәртіп бұзушылық болып саналады.

Екіншіден, IFAB VAR бейнені қайта ойнату жүйесінің жұмысын өзгертті . Енді бейне көмекшілер төрешіге кеңес бере алады, бірақ түпкілікті шешім реферидің өзіне тиесілі болады.

Үшінші өзгерістер оффсайдқа қатысты болды. Жаңа ережеге сәйкес, егер қорғаушы жақтың ойыншысы қолымен ойнап, нәтижесінде қарсылас ойыншысы допқа ие болса, онда ол офсайдта саналмайды.

Түпнұсқасы: soccernews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер