Бокс

«38 деген жай ғана сан». Головкин туған күні туралы жазды

«38 деген жай ғана сан». Головкин туған күні туралы жазды
news-banner7
mobile-news-top

Кеше, 8 сәуірде ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 38 жасқа толды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасына әлі бабында екенін меңзейтін жазба жариялады. Видеода 38 деген жай ғана сан екені жазылған.

Айта кетелік, Геннадий 350 кездесуде небәрі 5 жеңіліске ұшыраған. Солардың бірі 2004 жылғы Олимпиада ойындарының финалында болды, нәтижесінде Головкин «күміске» ғана қанағат тұтты. Алайда 2002 жылғы Азия ойындарында, 2003 жылғы Әлем кубогында және 2004 жылғы Азия чемпионатында ол жеңімпаз атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер