Басқа

Ольга Довгун: Олимпиаданың кейінге шегерілгені біраз өзгерістер әкелді

Ольга Довгун: Олимпиаданың кейінге шегерілгені біраз өзгерістер әкелді
news-banner7
mobile-news-top

Токио Олимпиадасының өту мерзімі бір жылға кейінге шегерілді. ХОК-тің мұндай шешім қабылдауына коронавирус індетінің әлемге кеңінен таралуы себеп болып отыр. Нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері Ольга Довгун Olympic.kz сайтына пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Олимпиада ойындарының келесі жылға қалғаны біздің жаттығу жоспарымызды біршама өзгертті. Ал коронавирус індетінің қарқын алып, елімізде карантин жарияланғаны спортшыларға аздап қиын соғуда. Өйткені, олардың қазір қарумен жаттығатын мүмкіндігі жоқ. Спортшылардың денсаулығы жақсы. Күн сайын олардан хал-жағдайын сұрап отырмыз. Барлығы да үй жағдайында жалпы дене жаттығуын жасап жатыр. Мергендерге арналған арнайы жаттығуларды орындап, күн сайын видео есеп жібереді. Өзім спортшыларға қажетті жаттығулар кешенін дайындадым. Биыл бізде халықаралық турнирлер өтпейді, ал елішілік жарыстар қыркүйек айынан кейін басталады деген болжам бар. Келесі жылы өтетін әлем кубогі кезеңдерінің де нақты уақыты белгісіз. Бірақ бұл спортшылардың дайындығына әсер етпейді. Карантин режимі аяқталған бойда барлық спортшылар жаттығуды бастап, жоспар бойынша келесі маусымға дайындалады», - дейді Довгун.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер