Бокс

Павлодар әкімі Серік Теміржановқа Құрмет грамотасын табыстады

Павлодар әкімі Серік Теміржановқа Құрмет грамотасын табыстады
news-banner7
mobile-news-top

Павлодар облысның әкімі Әбілқайыр Сқақов Олимпиада лицензиясын иеленген боксшы Серік Теміржановқа Құрмет грамотасын табыстады, деп жазады Prosports.kz.

Спортшымен кездесу барысында аймақ басшысы Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет павлодарлық боксшы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия жеңіп алғанын атап өтті.

Облыс әкімі боксшыға және оның бапкерлік штабына табыс тіледі, әрі Олимпиадаға дайындалуға барынша қолдау көрсететінін жеткізді. Сонымен қатар, Серік Теміржановқа өңірлік спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасын табыс етті.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасына қатысу құқығын Серік Теміржанов наурыз айының басында Иорданияда өткен іріктеу турнирінде алды. Бірақ, коронавирус пандемиясына байланысты Олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер