русский язык
Әлем футболы

«Реал» ойыншылардың жалақысын 10-20% төмендетеді

«Реал» ойыншылардың жалақысын 10-20% төмендетеді
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» футбол клубы ойыншылардың жалақысын 10-20% төмендететін болды, деп жазады Prosports.kz.

Әу баста мадридтік клуб футболшылардың жалақысын қысқартпайтын болған. Бірақ кейін кіріс көзі мүлде азайғандықтан, жалақыны белгілі мөлшерде төмендететін болды.

Клуб ұсынысын «Реал» ойыншыларының бәрі қабылдады. Бұл жерде Серхио Рамос, Лука Модрич секілді ардагер ойыншылардың рөлін айта кету керек. Аты аталған футболшылар өзге әріптестерін ұсынысты қабылдауға көндірген.

Айта кетейік, клубтың қарапайым қызметкерлерінің жалақысы қысқармайды. «Реалда» мөлшермен 800-ден астам клуб қызметкері жұмыс істейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;