Әлем футболы

Transfermarkt ойыншылардың трансферлік бағасын жаңартты

Transfermarkt ойыншылардың трансферлік бағасын жаңартты
news-banner7
mobile-news-top
Коронавирус пандемиясына байланысты Transfermarkt порталы футболшылардың трансфер нарығындағы құнына өзгерістер енгізді, деп жазады Prosports.kz.

Барлық ойыншылардың трансферлік бағасы 20% төмендетілді. Ал 1998 жылы және одан кейін туған ойыншылардың бағасы 10% ғана төмендеді.

«ПСЖ» шабуылшысы Килиан Мбаппе әлі де әлемдегі ең қымбат ойыншы. Портал оны 180 миллион еуроға бағалап отыр. Одан кейінгі орындарға «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Рахим Стерлинг пен «ПСЖ» шабуылшысы Неймар жайғасқан (екеуі де 128 миллион еуро).

Ал әлем футболының бұған дейінгі қос алыбы Лионель Месси мен Криштиану Роналду бұл тізімде біраз төмендеді. Атап айтқанда, «Барселона» шабуылшысы рейтингте 9-орында тұр. Ол 112 миллион еуроға бағаланған. «Ювентус» шабуылшысы 46-орында. Оның бағасы - 60 миллион еуро.

1. Килиан Мбаппе («ПСЖ») – 180 млн еуро

2-3. Рахим Стерлинг («Манчестер Сити») – 128 млн

2-3. Неймар («ПСЖ») – 128 млн

4-7. Садьо Мане («Ливерпуль») – 120 млн

4-7. Мохамед Салах («Ливерпуль») – 120 млн

4-7. Харри Кейн («Тоттенхэм») – 120 млн

4-7. Кевин де Брюйне («Манчестер Сити») – 120 млн

8. Джейдон Санчо («Боруссия» Дортмунд) – 117 млн

9. Лионель Месси («Барселона») – 112 млн

10. Трент Александер-Арнолд («Ливерпуль») – 99 млн

...

46. Криштиану Роналду («Ювентус») – 60 млн.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер