Қысқы

Роман Креч: Маусым алдында құлазып, спортпен қоштасқым келді

Роман Креч: Маусым алдында құлазып, спортпен қоштасқым келді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің #ҮйдемізTeamKZ онлайн жобасында конькиші Роман Креч қонақта болды. Әдеттегідей, эфир қонағы карантин кезінде немен шұғылданып жатқанын тілге тиек етті.

"Жарыстың барлығы соңына таяп, маусым аяқталар тұста карантин жарияланды. Қазіргі таңда үйде отбасымызбен біргеміз. Қазір барлығымыз бірге маусым біткен соң демалып алып, онлайн жаттығуға көштік. Базалық жаттығуымызды веложаттығудан бастадық. Дене шынықтырумен айналысып, өзіміздің осал тұсымызды байқап, соны жақсартуға жұмыс істеп жатырмыз.

Сонымен қатар, Роман Креч жарақатына байланысты бір маусымнан тыс қалғаны туралы да айтып берді.

"Алдыңғы маусымнан толық тыс қалдым десем болады. Жарыс түгілі, жаттығу жиындарына қатыса алмадым. Физикалық, моральдік тұрғыдан толық демалдым. Мұзға қашан шығатыным белгісіз болды. Жарақатымның кесірінен спорттық мансабымды аяқтаймын ба деп ойладым. Алайда, қиын сәтте команда мені қолдап, берілмеуге үгіттеп, жігерлендірді. Ұлттық құрамаға, бас бапкерге қолдауы үшін ерекше алғыс айтамын. Жарақатымнан айыққан соң мұзға шығып, өзімді қолға алдым. Үздіктермен сынға түскеннен кейін өзімді қайрап, қалпыма келдім. Осы маусымда жақсы нтиже көрсеттім деп ойлаймын. Ендігі мақсатым - келесі маусымда ел байрағын көкте көтеріп, жеңімпаздар қатарынан көріну", - деп бөлісті Роман.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер