Басқа

Әртістік жүзуден әлем кубогының сегіз кезеңі өтпейтін болды

Әртістік жүзуден әлем кубогының сегіз кезеңі өтпейтін болды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) әртістік жүзуден әлем кубогының сегіз кезеңін өткізбейді.

Биылғы маусымда әлемдік серия аясындағы бірінші турнир Парижде, 6-8 наурыз аралығында өтті. Қалған сегіз турнир тоқтатылды.

Атап айтар болсақ, Хургада (Мысыр, 27-29 наурыз), Александропулис (Грекия, 3-5 сәуір), Будапешт (Венгрия, 10-12 сәуір), Қазан (Ресей, 17-19 сәуір), Сучжоу (Қытай, 23-25 сәуір), Мадрид (Испания, 29-31 мамыр), Рочестер (АҚШ, 12-14 маусым) және Виндзор (Канада, 18-20 маусым) қалаларындағы әлем кубогы кезеңдері ұйымдастырылмайды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер