Басқа

Илья Голендов: Карантин уақытында өзіңді дамытуға болады

Илья Голендов: Карантин уақытында өзіңді дамытуға болады
news-banner7
mobile-news-top

COVID-19 індеті әлемді жайлағалы спортшылар қауіпсіздік мақсатында үйлеріне қайтарылып, жарыстар тоқтатылды. Қазіргі таңда спортшылар бос уақытты отбасымен бірге өткізуде. #TeamKZ мүшесі, байдарка мен каноэ есуден ұлттық құрама спортшысы Илья Голендов карантин уақытында өзіңді дамытумен айналысуға болады дейді.

"Егер өзіңді қолға алсаң, үйде пайда болған бос уақытта өзіңді дамытумен айналысуға болады. Қазір мен ағылшын тілімді жетілдіруге күш салып жатырмын. Түпнұсқада әртүрлі сериал көрген де тілді меңгеруге көмектеседі.

Сонымен қатар, отбасыммен, жақындарыммен бірге көңілді өкізгім келеді. Себебі, біз ұзақ уақыт шетелде жарыста немесе оқу-жаттығу жиындарында жүреміз. Осындай мүмкіндік туып отырғанда, оны дұрыс пайдаланған жөн деп санаймын", - дейді Илья Голендов. Сонымен қатар, Илья Голендов оқырмандармен өзінің сүйікті кітаптар тізімімен бөлісті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер