Бокс

Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады

news-banner7
mobile-news-top
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев боксшы Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтап, арнайы жеделхат жіберді.
- Қадірлі Геннадий! Қазақстандағы спорттық қоғамдастық атынан Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз бар әлем танитын қазақстандық боксшыға айналдыңыз, отандық бокс мектебінің жарқын үлгісі бола білдіңіз! Боксқа ден қойған мыңдаған бала Сізден өнеге алады. Сіздің еңбекқорлығыңыз бен табысыңыз қазақстандық спортшылар мен жанкүйерлерге жігер беретіні сөзсіз. Біз Сіздің кезекті жекпе-жегіңіз бен жаңа жеңістеріңізді асыға күтеміз. Сіз секілді нағыз шебердің шаршы алаңдағы өнерін тамашалау бір ғанибет. Сіздің өз отаныңызға деген ыстық сезіміңізді үнемі дәлелдеп, Қазақстан атын әлемге танытуға зор үлес қосып келесіз. Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт және отбасыңызға амандық тілеймін. Әрдайым жолыңыз болсын!» — делінген құттықтау хатында.
Айта кетейік, бүгін, қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 38 жасқа толды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер