ММА

Макгрегор - Нурмагомедов жекпе-жегі биыл өтпейді

Макгрегор - Нурмагомедов жекпе-жегі биыл өтпейді
news-banner7
mobile-news-top

UFC ирландиялық файтер Конор Макгрегорға (22-4) ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен (28-0) биыл қарымта жекпе-жек өткізе алмайтынын жеткізді.

– Коронавирус пандемиясына бәріне әсерін тигізіп жатыр. Үш турнирімізді кейінге шегердік. Хабиб Фергюсон - Гэтжи жекпе-жегінің жеңімпазымен кемінде қыркүйек айына дейін кездесе алмайды. Ал Макгрегор ресейлік спортшымен жұдырықтасқысы келеді. Биыл мұндай мүмкіндік бола қоймайды, - деді ұйымның президенті Дана Уайт.

Айта кетейік, Конор Макгрегор мен Хабиб Нурмагомедов арасында өткен чемпиондық жекпе-жекте ресейлік спортшы уақытынан бұрын жеңіске жеткен болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер