Басқа

Атырау облысындағы стадионның шатырын жел ұшырып кетті

Атырау облысындағы стадионның шатырын жел ұшырып кетті
news-banner7
mobile-news-top

Атырау облысында қалпына келтірілген стадионның шатырын жел ұшырып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 7 сәуірде кешке Махамбет ауданының Махамбет орталығында болды. Желдің екпіні 2018 жылы күрделі жөндеуден өткен стадион шатырының бір бөлігін бұзып кетті. Жарақат алғандар жоқ. Стадионды қалпына келтіруге бюджеттен жарты миллиардқа жуық қаржы бөлінген болатын.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, үш жылдық кепілдік мерзімі әлі өткен жоқ, сондықтан мердігер компания шатырды қалпына келтірумен өзі айналысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер