Әлем футболы

«Ювентус» Роналдуды сатуға ұйғарды

«Ювентус» Роналдуды сатуға ұйғарды
news-banner7
mobile-news-top

Туриндік «Ювентус» португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдуды сатуға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz Corriere dello Sport порталына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, италиялық клуб ойыншыны 57 миллион еуроға бағалап отыр. Ойыншыны сатудың себебі коронавирус пандемиясына байланысты маусымның тоқтап қалуынан болған қаржылық дағдарыс болуы мүмкін. Роналдудың жылына 31 миллион еуро жалақы алады, мұны қазіргі жағдайда «Ювентустың» бюджеті көтере алмайды.

Осы маусымда 35 жастағы Роналду «Ювентус» сапында барлық турнирде 32 матч өткізді. 25 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Оның клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер