Әлем футболы

Футбол «сиқыршысы» Парагвай түрмесінен босап шықты

Футбол «сиқыршысы» Парагвай түрмесінен босап шықты
news-banner7
mobile-news-top

Парагвай билігі Бразилияның бұрынғы жартылай қорғаушысы, 2002 жылғы әлем чемпионы Роналдиньоға қатысты бұлтартпау шарасын өзгертті, деп хабарлайды Prosports.kz Football Espana сайтына сілтеме жасап.

Енді ағайындылар Парагвай астанасы Асунсьондағы қонақ үйлердің бірінде үйқамақта отырады.

Роналдиньо мен Роберто де Ассис Морейра 4 наурыз күні қонақүй бөлмесінде жалған төлқұжатпен кейін ұсталған еді. Ағайындылар екі күннен кейін олар босатылды. Алайда Асунсьон соты прокуратураның ұсыныстарымен келісіп, оларды босату және айыптарын алып тастау туралы қорғаушының өтінішін қабылдамады.

Ал 7 наурызда Парагвай астанасы соты экс-футболшыны қамауға алу мерзімін алты айға ұзарту туралы шешім шығарды.

Роналдиньо түрмеде белсенді өмір сүрді. Атап айтқанда, футбол турниріне қатысты, ал оның командасы бас жүлдеге тігілген тірі торайды жеңіп алды. Футболшы бірнеше күннен кейін түрмеде 40 жасын тойлады.

Фото Tellerreport.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер