Әлем футболы

«Бавария» коронавирусқа қарамастан жаттығуын бастайды

«Бавария» коронавирусқа қарамастан жаттығуын бастайды
news-banner7
mobile-news-top

Мюнхеннің «Бавария» футбол клубы 6 сәуірден, яғни бүгіннен бастап жаттығу жұмыстарын бастайды. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.

Негізгі құрамның ойыншылары аздаған топтар бойынша жаттығуына кіріседі. Олар жиналу үшін жергілікті билік рұқсатын алған. Сондай-ақ команда өкілдері жанкүйерлердің жаттығу базасына келмеулерін де өтінген.

CSSE дерегі бойынша, қазіргі таңда әлемде 1 204 782 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Германияда ауырғандар саны 100 мыңнан асады. Әлем бойынша 4-ші орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер