Қазақстанның ең қымбат жас ойыншысы Ресейге ауысуы мүмкін

Қазақстанның ең қымбат жас ойыншысы Ресейге ауысуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» ойыншысы Нұрәлі Әліп биыл жазда Ресей чемпионатына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жас қорғаушыға екі бірдей ресейлік ұжым қызығушылық танытып отыр. Әзірге нақты қай командалар екенін құпия күйінде қалып отыр, дегенмен қос ұжым да Премьер-лигада бақ сынайтыны белгілі.

Нұрәлі Әліп шетел чемпионатына тезірек кетуді ойластырып жүр. Сол себепті Ресейде ауысуы ғажап емес. Тек бұл жағдайда «Қайраттың» позициясы маңызды рөл атқарып тұр. Өйткені жас қорғаушы алматылық ұжымның негізгі құрамында ойнап, көшбасшы футболшыларының біріне айналған.

Немістің беделді Тransfermarkt порталы Нұрәлі Әліптің трансфердегі құнын 1 миллион еуро деп бекіткен. Ол - Қазақстанның ең қымбат жас ойыншысы.

«Ертіс»: Былыққа батқан клуб

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы мансабын аяқтады

Жөндеу жұмысынан өткен стадионның шатыры желмен ұшып кетті

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер