«Ертіс»: Былыққа батқан клуб

«Ертіс»: Былыққа батқан клуб
news-banner7
mobile-news-top

«Ертіс» футбол клубында жүргізілген аудиторлық тексерістің қорытындысы шықты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

27 наурыз күні «Atameken-Aydit» ЖШС тәуелсіз аудиторлық ұйым 2017-2019 жылдар аралығындағы клубтың қарыз, несие, салық және тиімсіз жұмсалған қаражатын есептеді.

Қорытынды есепке сүйенсек, аталған жыл аралығында «Ертіс» футбол клубы салықтан жалтарып, жаттықтырушылар штабы мен футболшыларға артық төлем мен сыйақы жасаған.

Бұған қоса, спорттық нәтижеге әсер етпейтін әкімшілік штаб қызметкерлеріне негізсіз сыйақы беріліп, дәлелдеуші құжаты жоқ медициналық препараттар сатып алған.

Сондай-ақ, 2020 жылдың алғашқы үш айында басшылықтың тиімсіз атқарған жұмысынан «Ертіс» футбол клубы 580 миллион теңге қарызға батқан.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер