Әлем футболы

«Лацио» коронавирусқа қарамастан жаттығу жұмыстарын бастайды

«Лацио» коронавирусқа қарамастан жаттығу жұмыстарын бастайды
news-banner7
mobile-news-top

«Лацио» клубының президенті Клаудио Лотито коронавирус пандемиясына қарамастан футболшылар жаттығу жұмыстарын бастайтынын мәлімдеді.

– Ешкім халықтың денсаулығына қатер төндіргісі келмейді. Дегенмен үкіметтің рұқсатымен, қауіпсіздік шараларын ескере отырып, әркім жұмысын істей алады.

Футболшылар қарапайым адамдарға қарағанда физикалық тұрғыда әлдеқайда мығым. Оның үстіне тәулігіне 24 сағат дәрігерлердің бақылауында. Сол себепті футболшылар өзінің және өзгенің денсаулығына қауіп төндірмей-ақ жаттыға алады, - деді клуб президенті.

Италиялық клуб Формелло қаласындағы базасы барлық санитарлық талаптарға сай екенін мәлімдеді. Ал бүгінде Италияда коронавирус жағдайы мәз емес. Оған қоса А Сериясы Еуропада алғашқылардың бірі болып тоқтаған еді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер