Грек-рим күресі

Асхат Ділмұхамедов: Карантин кезінде қарсыластарымның күресіне анализ жасап отырмын

Асхат Ділмұхамедов: Карантин кезінде қарсыластарымның күресіне анализ жасап отырмын
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінің шебері Асхат Ділмұхамедов Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің #ҮйдемізTeamKZ онлайн жобасының қонағы болды.

Токио Олимпиадасына ел құрамасына жолдама сыйлаған балуан карантин уақытында немен айналысып жатқанымен бөлісті.

"Елге төтенше жағдай жарияланғалы үйде, отбасымызбен бірге уақыт өткізіп жатырмыз. Кәсіби спортшы болғандықтан, жарыс, жаттығу жиыны жоқ екен деп босаңсуға болмайды. Үй жағдайында да жаттығуды тоқтатпай, формны бір қалыпты ұстауға тырысу керек. Карантин уақытыннда жалпы физикалық дайындықты жақсартуға жұмыс істеп жатырмын. Сонымен қатар, спорт күнделігіне қарсыластарымның осал және мықты тұстарын жазып, күнде анализ жасаймын. Оның үстіне, ұлттық құрама бапкерлерінің берген тапсырмасы да бар. Осы карантинде бос уақытты дұрыс пайдаланып, өзімізге көңіл бөліп жатырмыз", - дейді Асхат Ділмұхамедов.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер