Басқа

«Карантин Премьер-лига» турнирінің ширек финал ойындарының қорытындысы

«Карантин Премьер-лига» турнирінің ширек финал ойындарының қорытындысы
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Карантин Премьер-лига» онлайн турнирінің ширек финалдық ойындарының нәтижелерін назарларыңызға ұсынамыз.

«Ертіс» - «Жетісу» (24% - 76%)

Жарыстың 1/8 финалында жеңілген павлодарлық командаға екінші мүмкіндік берілген болатын. Алайда олар ширек финалда талдықорғандық командаға ірі есеп айырмасымен есе жіберді.

«Астана» - «Тараз» (55% - 45%)

Ширек финалдық кездесулердің ішіндегі ең тартысты кездесу осы болды. Қазақстанның бес дүркін чемпиондары сәл басымдықпен жартылай финалға жолдама алды.

«Ордабасы» - «Тобыл» (70% - 30%)

Шымкенттік команда айқын басымдықпен қостанайлық команданы жарыс жолынан шығарып тастады.

«Қайрат» - «Каспий» (86% - 14%)

Алматылықтар «Каспийден» ешқандай қиындықсыз үлкен басымдықпен артық болды. Жанкүйерлердің 86 пайызы алматылықтарды қолдады.

Жарыстың ширек финалдары осылайша аяқталды. Тек үздік командалар қалды. Алда тартысты жартылай финал ойындары күтіп тұр.

Жақын арада жартылай финал ойындары басталады. Финалдық жолдамаға таласатын жұптарды дауыс беру алдында айтатын боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер