Футбол

АПЛ маусымы аяқталмаса командалар қанша қаржы жоғалтады ?

АПЛ маусымы аяқталмаса командалар қанша қаржы жоғалтады ?
news-banner7
mobile-news-top

АПЛ маусымы аяқталмаса командалар қанша шығынға бататыны анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы ресейлік sports.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

Британиялық Daily Mail басылымы АПЛ маусымы мерзімінен бұрын аяқталған жағдайда командалар қанша шығынға бататын шамамен есептеп көрді. Командалар телкөрсетілім құқықтарынан, жарнамадан және өткізетін кездесулерден табатын пайдаларынан қағылады.

АПЛ-дың үздік алты командасы:

1. «Манчестер Юнайтед» – 116,4 млн (телекөрсетілім құқығы – 48 млн, матчтар өткізуден түсетін пайда – 17,6 млн, жарнама – 50,8 млн)

2. «Манчестер Сити» – 109,3 млн (53,5 млн; 13,9 млн; 41,7 млн)

3. «Ливерпуль» – 102,6 млн (55,2 млн, 13,6 млн; 33,8 млн)

4. «Челси» – 91 млн (49,3 млн; 10,9 млн; 30,9 млн)

5. «Тотенхэм» – 83 млн (41,9 млн; 16,8 млн; 24,3 млн)

6. «Арсенал» – 74,8 млн (40 млн; 15,4 млн; 19,4 млн).

Естеріңізге салатын болсақ АПЛ коронавирус пандемиясына байланысты тоқтап тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер