Хоккей

«Автомобилист» қазақстандық шабуылшыға жаңа келісімшарт ұсынбайды

«Автомобилист» қазақстандық шабуылшыға жаңа келісімшарт ұсынбайды
news-banner7
mobile-news-top

«Автомобилист» хоккей клубы команда капитаны Найджел Доусқа жаңа келісімшарт ұсынбайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

35 жастағы қазақстандық шабуылшы биылғы маусымда ресейлік команда сапында 59 кездесуге қатысып, 50 ұпай жинаған. Плей-офф кезеңінде бес кездесуде тек бір рет нәтижелі пас берген.

Найджел Доустың командадан кетуінің бір себебі Павел Дацюкпен сөзге келіп қалуы деген ақпарат бар.

«Барыс» өзінің бұрынғы ойыншысын командаға шақыруды қарастырмайтынын айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер