«Оқжетпес» бұрынғы бапкеріне қарыз екендігін жоққа шығарды

«Оқжетпес» бұрынғы бапкеріне қарыз екендігін жоққа шығарды
news-banner7
mobile-news-top

Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубының баспасөз қызметі команданың бұрынғы бапкері Виктор Пасулькоға қарыз емес екендігі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Республикалық БАҚ құралдарында команданың Виктор Пасулькоға қарыз екендігі және командадан алты ұпай шешілетіндігі жайлы жазылған.
«Оқжетпес» футбол клубы бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады. Бүгінгі күні команда Пасулькоға ешқандай қарыз емес»,- делінге команданың мәлімдемесінде.

Естеріңізге салатын болсақ 2019 жылдан бері команданы Андрей Карпович баптайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер