Әлем футболы

Италия чемпионаты: Футболшылардың жалақысы қанша қысқаратыны белгілі болды

Италия чемпионаты: Футболшылардың жалақысы қанша қысқаратыны белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Италия А сериясы футболшылардың жалақысының ең көп болғанда 1/3-і қысқаратынын мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл шешімді лигадағы 19 клуб дауыс беру арқылы қабылдады. «Ювентус» бұған дейін ойыншылармен жалақыны азайту туралы келісіп қойғандықтан, дауыс беруге қатысқан жоқ.

Жаңа шешімге сай, егер чемпионат осы беті жалғаспаса, ойыншылар жалақысының 1/3-інен айырылады. Ал маусымның қалған бөлігі өтсе, жалақының 1/6-і қысқарады.

Айта кетейік, жалақыны қысқарту арқылы Италия А сериясының 20 клубы 260-520 млн еуро үнемдейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер