Басқа

Ришат Хайбуллин: Карантин режимін сақтау - бәрімізге ортақ міндет

Ришат Хайбуллин: Карантин режимін сақтау - бәрімізге ортақ міндет
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан командасының спортшылары еліміздегі карантин режимін қалай тиімді өткізудің түрлі жолдарын айтты. Бірі үй шаруаларына көмектессе, енді бірі ұзақ сапардан соң жақындарының қасында болуды жөн санаған.

Спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионатының қола жүлдегері Ришат Хайбуллин карантин уақытын қалай өткізіп жатқанын айтып берді.

«Еліміздегі жағдайды тиімді пайдалану үшін барымды салып жатырмын. Біріншіден, карантин режимі енгізілгенге дейін мен жақсы дайындық жүргіздім. Сол себепті, қазіргі демалысым да орынсыз емес. Енді жаттығу ауқымын арттырып, спорттық формамды дұрыстауға кірісемін.

Карантин кезінде үйде болу керек. Бұл айналаны қорғауға көмектесіп қана қоймай, сүйікті кітаптарымызды қайта оқып шығуға мүмкіндік береді», - дейді Ришат.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер