Хоккей

ҚХЛ: Эдвард Паскуале үздік 10 қақпашының қатарына енді

ҚХЛ: Эдвард Паскуале үздік 10 қақпашының қатарына енді
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік «Match TV» порталы ҚХЛ-дің осы маусымдағы үздік 10 қақпашысын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл тізімге елордалық «Барыс» хоккей клубының қақпашысы Эдвард Паскуале де енген.

- «Барыстың» тұрақты маусымдағы сәтті ойыны осы канадалық қақпашымен байланысты. Қазақстандық команда Шығыс Конференциясында екінші орын алды. Сондай-ақ, Паскуале плей-офф кезеңін де керемет өнер көрсетіп жатқан. Алғашқы айналымда төрт ойын жеңді, оның екеуінде шайба өткізген жоқ. Өткен маусымда қақпашы «Тампа» командасында ойнаған. Жалпы, ол бүкіл мансабында АХЛ-да өнер көрсетті. Бұл оның Еуропаға алғашқы сапары, - деп жазады сайт.

«Барыс» ойыншысынан бөлек, тізімге мына қақпашылар енген: Янис Калниньш («Йокерит»), Адам Рейдеборн («Ак Барс»), Харри Сятери («Сибирь»), Якуб Коварж («Автомобилист»), Александр Самонов (СКА), Иван Бочаров («Динамо» М), Тимур Билялов (Ак Барс), Юха Метсола (Салават Юлаев), Илья Сорокин (ЦСКА).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер