Әлем футболы

Әйгілі серб бапкері қайтыс болды

Әйгілі серб бапкері қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид», «Атлетико» және «Барселона» клубтарының бұрынғы бапкері Радомир Антич 71 жасында қайтыс болды. Белгілі серб маманы неден көз жұмғаны әлі жарияланған жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Спорт әлемі аты аңызға айналған жаттықтырушылардың бірі - Радомир Античтің қайтыс болуына байланысты қайғырады. Сіз біздің жүрегімізде мәңгі қаласыз», - деп жазды «Атлетико Мадрид» клубының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Радомир Античтің баптауымен мадридтік «Атлетико» 1995/96 жылғы маусымда Испания чемпионы атанды, сонымен қатар 1996 жылы ел кубогын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер