Теннис

US Open әйелдер виртуалды турнирін бастайды

US Open әйелдер виртуалды турнирін бастайды
news-banner7
mobile-news-top

US Open виртуалды турнирі жалғасын жатыр. Ерлер арасындағы жарыстан кейін әр жылдардағы US Open жарысының әйелдер арасындағы жеңімпаздары жүлдеге таласады. Виртуалды турнир чемпионын Twitter-де жанкүйерлердің дауысы анықтайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирде 32 US Open чемпиондары бар. Серена мен Венера Уильямс, Моника Селес, Мартина Навратилова, Трейси Остин және Билли Жан Кинг секілді спортшылар жарыстың екі дүркін жеңімпаздары ретінде қатысады.

Бірінші раундта Мария Шарапова (2006) және Маргарет Корт (1970), Светлана Кузнецова (2004) және Мартина Навратилова (1984), Наоми Осака (2018) және Ким Клейстер (2009) сынға түседі. Мына сілтеме арқылы дауыс беруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, ерлер арасында US Open виртуалды турнирінде ресейлік теннисші Марат Сафин жеңіп алды. Ақтық сайыста ол испан жұлдызы Рафаэль Надальдан басым түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер