Хоккей

«Келіссөз жүргізудің мәні жоқ». Скабелканың агенті - «Барыстан» кету туралы

«Келіссөз жүргізудің мәні жоқ». Скабелканың агенті - «Барыстан» кету туралы
news-banner7
mobile-news-top

Андрей Скабелканың агенті Шуми Бабаев бапкердің «Барыстан» кетуі туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Чемпионат сайтына сілтеме жасап.

«Біз өзіміз қалаған шарттарға қол жеткізе алмадық. «Барыс» әрі қарай келіссөз жүргізудің мәні жоқ деп санады, мұнысы дұрыс. Скабелканың жаңа жұмыс орны ма? Біз ешкіммен келіссөз жүргізген жоқпыз, «Барыспен» жағдайдың нәтижесін күткен едік. Қазақстандық клуб берген ақпарат толығымен дұрыс және шындық», - деді Бабаев.

Еске салайық, Скабелканың келісімшарты 30 сәуірде аяқталады. Бапкер «Барыстың» тізгінін 2018 жылы ұстаған еді. Оның жаттықтыруымен елордалық клуб Гагарин кубогының ширек финалына екі рет жеткен болатын. Биыл «Барыс» коронавирус пандемиясына байланысты чемпионатты жалғастырудан бас тартқан.

Енді Андрей Скабелка ярославскілік «Локомотивті» жаттықтыруы ықтимал.

«Барыс» Скабелкамен қош айтысты

«Барыс» тізгініндегі Скабелка маусымның үздік бапкері атағына ұсынылды

Скабелка Ярославльдің «Локомотивін» жаттықтыра ма

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер